Жалпы ішкі өнім

Ел аумағында бір жыл ішінде өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстардың жалпы құны. 




Жалпы ішкі өнімді түзуде отандық компанияның да, шетел компаниясының да қызмет түрлері, өнімдері мен жұмыстары есепке алынады. Кәсіпорындар мемлекет аумағында болса болды. 


ЖІӨ атаулы және нақты болады. Атаулы ЖІӨ — қызметтер мен тауарлардың қазіргі бағасының қосындысы. Ол инфляция (тауар мен қызмет түрлері бағасының көтерілуі) кезінде артады, дефляция (бағаның төмендеуі) кезінде құлдырайды. Нақты ЖІӨ қызмет түрлері мен тауар өндірісі көлемін көрсетеді. Мұндайда бағаның төмендеп, өсуі ескерілмейді.


 


21/09/2020 14:03 6313 0

21/09/2020
14:03 6313 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление